Әбдіжаппар Әлқожа - Қазаққа насихат

Әбдіжаппар Әлқожа - Қазаққа насихат
  • Лайки: 193
  • Формат: MP3
  • Качество: 320 kbps
  • Версия: Полная
  • Слова песни: Есть
  • Добавлено: 29 декабря 2024
Слушать песню
онлайн
Скачать MP3
бесплатно

Текст песни

Әбдіжаппар Әлқожа - Қазаққа насихат

Қариялар кешегі
Шежірешіл деседі.
Бүгінгілер жас қызды
Әңгімелеп бөседі.
Қызың шықты қылықсыз
Тоздыратын көшені,
Ұлың шықты сұрықсыз
Сыйламайтын шешені,
Адамдар-ай жаманнан
Қайтпайтұғын меселі,
Аңдығаны әйелдің
Ауыл-елдің өсегі,
Аңдығаны еркектің
Арулардың төсегі,
Адалдардың жолдарын
Арамзалар кеседі.
Тұлпарлары сүрініп,
Бәйге алады есегі,
Бір өмірдің тағдырын
Бір оқпенен шешеді.
Шіритіндер түрмеде
Шалқып өмір кешеді.
Бүйте берсек бір күні,
Бастан бақыт көшеді.
Болам деген бала да,
Жанбай жатып өшеді.
Ақылыңнан адассаң
Жетер жерің осы елім.
Көп адамның жыл сайын
Жасы ғана өседі.